Жақсы жар (ер кісілерге кеңес) Ер адамның әйелімен қарым қатынасында көптеген міндеттері бар: 1-Әйелімен Пайғамбарымыздай (ﷺ ) мейірімді, жұмсақ болуы тиіс.♥ 2-Үйге кіргенде әйелімен сәлемдесіп, қал-жағдайын сұрауы керек.♥ 3-Оның көңілді екенін көріп, әзілдесіп, шашынан сипап, құшақтауы керек.♥ 4-Ал егер әйелі көңілсіз жүрген болса, себебін сұрап, жақсы көретінін айтуы тиіс.♥ 5-Әйеліне бір істі жасауға уәде берсе міндетті түрде орындауы тиіс.♥ 6-Бала тәрбиесінде көмектесуі керек.♥ 7-Қарны тоқ, жақсы киінуіне мән беруі тиіс.♥ 8-Отбасын асырау садақадан да үлкен сауап, сондықтан тапқанын балалaры мен әйелінен аямауы тиіс.♥ 9-Дастархан басына отырарда отбасы мүшелерінің түгел болуын қадағалау да отағасының міндеті.♥ 10-Әйелі туралы өзгелердің айтқан жаман сөздеріне ермеуі керек.♥ 11-Әйелдер – нәзік жанды. Кейде еркелегенді, жылы сөз естігенді ұнатады. Сондай кездерде шыдамдылық танытып, түсіністікпен қараған дұрыс.♥ 12-Әйелдің еңбегін бағалап, мақтап қоюды ұмытпаңыз. Ол әйелге өзіне деген сенімділік пен күш-жігер береді.♥ 13-Кемшіліктері мен қателіктерін бетіне баспау, өзгелерге жария етпеуі тиіс.♥ 14-Қолыңыз қалт етсе отбасылық серуенге шығып тұрыңыздар.♥ 15-Ер адам әйеліне Құран оқуды, қажет болса намаз оқуды үйретуге міндетті.♥ 16-Жұмыстан келгенде қабағыңызға қар жауып, ашуыңызды әйеліңіз бен балаларыңыздан алмаңыз.♥ 17-Ешқашан оларға қатты сөз айтып, балағаттамаңыз.♥ 18-Отбасыңыз үшін жиі дұға етіңіз.♥ 19-Өзіңіздің отағасы екеніңізді ұмытпаңыз.♥

Теги других блогов: отбасы әйел ер кісілері